02 февраля 2021 Қазақстан

АӨК-ті дамытудың ұлттық жобасының тұжырымдамасы ақпан айының І онкүндігінде ұсынылады

Ауыл шаруашылығы министрлігі Ұлттық агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған жобасының тұжырымдамасын дайындауды жалғастыруда. Жақын арада «Атамекен» ұлттық палатасында құжатты кеңінен талқылау өтеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді.

«Бүгінде агробизнес, ғылым өкілдерімен және басқа да жауапты ұйымдармен Ұлттық жоба тұжырымдамасын белсенді талқылау жүріп жатыр. Ақпан айының бірінші онкүндігінде біз «Атамекен» алаңында бизнестің алдында аталған жобаны ұсынуды жоспарлап отырмыз, содан кейін барлық мүдделі тараптар мақұлдағаннан кейін мемлекеттік жоспарлау жүйесінің талаптарына сәйкес оны үкіметте қарастырамыз парламент мүшелерінің, мемлекеттік органдардың, облыстық әкімдіктердің және агробизнес өкілдерінің қатысуымен жүзеге асатын болады», - деп атап өтті министр.

Сондай-ақ, ол облыс әкімдерін құжаттарды дайындауға, атап айтқанда, іс-шаралар әзірлеуге және индикаторларды орнатуға қатысты белсенді түрде қатысуға шақырды. Себебі ұлттық жоба негізінен ауыл аймақтарға қатысты болады.

Сапрахан Омаровтың айтуынша, Ұлттық жобаның негізгі талаптары бизнеске қарсы міндеттемелерді енгізе отырып, мемлекеттік қолдау шараларының сабақтастығы мен тұрақтылығы болады.

Тақырыпқа байланысты оқуТоқаев АӨК-ті дамыту бағдарламасының маңызы туралы айтты

«Тұжырымдаманы талқылау нәтижелері бойынша ұлттық жоба әзірленеді, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес оны қабылдау мерзімі 2021 жылдың шілде айына белгіленді. Сонымен бірге, биылғы маусымнан кешіктірмей ұлттық жобаны Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі Жоғарғы Кеңесте қарау жоспарланған», - деп қорытындылады Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы.