Республикадағы азық-түлік қоры 5-6 айға жетеді
Қазіргі уақытта ҚР-да бар 1,2 млн тоннадан астам әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары шамамен жарты жылға жетеді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
Қазақстан Азық-түлік тауарлары бойынша ішкі нарықты өзінің жеке өндірісімен қамтамасыз етеді, деп айтылған хабарламада.
Облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің жедел деректері бойынша қазіргі уақытта өңірлік тұрақтандыру қорларында, тауар өндірушілер мен сауда ұйымдарының қоймаларында, сондай-ақ басқа да қойма үй-жайларында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қорлары бар. Бұл-пайдалануға дайын өнімнің қоры болып табылады.
Сонымен қатар, азық -түлік тауарларын өндіру үшін жеткілікті шикізат қоры бар, атап айтқанда-жарма, ұн, консервілер, қант және басқа да тағамдар. Сондай-ақ ет-сүт өнімдерін өндіру үшін мал басы жеткілікті.
Естеріңізге сала кетейік, Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың ақпараты бойынша, бүгінгі күні республикада етпен қамтамасыз ету 85% - дан астам мөлшерді құрайды.
Сонымен қатар, басқа елдерден әлеуметтік маңызды өнімдер импортын жеткізу үшін «жасыл дәліз» ашылды.