Ақмола облысында өңдеушілерден субсидия алуға өтінімдер қабылдау басталды
Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы бүгін сағат 10: 00-ден бастап қайта өңдеу өнімдері үшін ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алуда жұмсалатын шығындарды субсидиялауға кәсіпорындардан өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлады.
Субсидия алу үшін өтініштер QOLDAU ақпараттық жүйесі арқылы қабылданады және 1 желтоқсанға дейін жалғасады.
Шикізат сатып алуда сары май өндірісі үшін субсидия нормасы 37,4 теңге / килограмм, қатты ірімшік - 36,9 теңге / килограмм болып есептеледі, деп нақтылады ауыл шаруашылық басқармасы.
Еске сала кетейік, Қазақстан азық-түліктің 6 түріне, оның ішінде ірімшік пен сүзбеде импортқа тәуелділік жоғары деңгейде. Сондай-ақ, қазақстандық кәсіпорындар құс етіне, шұжыққа, алмаға, қантқа және балыққа деген ішкі сұранысты жаба алмайды. Ішкі нарықты осы өнімдермен қамтамасыз ету үшін 2021-2023 жылдарға арналған Кешенді жоспардың жобасы дайындалды.