09 июля 2021 Қазақстан

Агробизнес ауыл шаруашылығы тауарларын жеткізудегі жаңа ережелерді алып тастауды сұрайды

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР ИИДМ бекіткен көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін (КҚББЖ) ұйымдастыру және пайдалану тәртібі күшіне енді. Фермерлер мен астық өңдеушілер бұл жаңа ережелер егін жинау науқанына қауіп төндіруі мүмкін деп қауіптенуде. Бұл туралы Қарағандыда өткен кедергілер жөніндегі кеңес отырысынан кейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кедергілер жөніндегі кеңес мүшесі, «Мутлу Экспорт» ЖШС директоры және Қарағанды облысынан Қазақстан астық өңдеушілер одағы Директорлар кеңесінің мүшесі Дос-Мұқасан Таукебаев отырыс барысында айтып өткендей, агроөнеркәсіптік кешен қатысушыларымен жүктердің орын ауыстыруын электронды құжат ретінде жасаудың дұрыс болатындығы туралы алдын ала ешқандай талқылау жұмыстары жүргізілген жоқ. Осыған байланысты көлік-ілеспе құжаттарды электрондық форматқа ауыстыру жөніндегі бұйрықты іске асыру бірқатар себептер бойынша орындалмайды. Олардың ішінде - көптеген елді мекендерде интернет жоқ және КҚББЖ -да есеп жүргізу үшін компьютерлік сауаттылық дағдылары бар ауылдарда білікті кадрлар аз екендігі айтылды.

«Дербес компьютерді қолдану дағдысы да, оған қажетті материалдық-техникалық база да жоқ ұсақ шаруашылық иелері- субъектілер үшін КҚББЖ толтыруға керекті жағдайды жасау мүмкін емес», - деп мәлімдеді Дос-Мұқасан Таукебаев.

Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстандағы астық жайлы болжам 1,1 млн тоннаға азайды

Ол көптеген шаруа қожалықтарынан бірнеше елді мекендерде егістіктерді өңдейтінін және олардың астықтарын тиейтін орындар, тіпті өз қоймалары да олардан  КҚББЖ-ны яғни электронды құжатты  талап ететінін атап өтті. Жаппай егін жинау науқанының шұғыл жұмыс кезінде алқаптардан астық тасу демалыссыз, күндіз- түні жүргізіліп жатқанда КҚББЖ- жүйесінде жол парақтарын және электрондық тауар-көлік жүк құжаттарын тіркеу, түнгі уақытта оңай емес және демалыс күндері жүктерді жөнелту және қабылдау туралы белгі қою мүмкін емес.

Сонымен қатар, кәсіпкерлердің айтуынша, жүк қозғалысын электронды түрде жасауды енгізу ауыл шаруашылығы дақылдарын қабылдауға элеваторлар қызметінің құнын арттырады, өйткені бұл жұмыс үшін жеке маманды қажет етеді. Бұл шығындар егін жинау кезінде фермерлерге ауыртпалық болып тиеді.

Сондай-ақ, әрбір автокөлік құралына GPS түрі бойынша Ақылды құрылғыны орнату қажет болады.

«Егер КҚББЖ -да есеп жүргізу бұзылса,алғашқы ескерту жасалмастан бірден айыппұл салынады. Құжаттарды толтыру болмаған жағдайда соманы ұлғайта отырып, елеулі айыппұлдар түріндегі жазаны салынады. Жүйе сынақтан өтпегендіктен, бағдарламадағы кездейсоқ сәтсіздік көптеген айыппұлдар төлеуге мәжбүрлеуі мүмкін. Тәжірибе көрсеткендей, тасымалданатын жүктердің саны көп болған кезде құжаттарды бақылау және дәлелдеу, айыппұлдар дұрыс емес екендігіне шағымдану іс жүзінде мүмкін болмайды. Яғни жүк тасымалдау процесіне қатысушыларға өз кінәсіздігін сотта дәлелдеуге тура келеді»,-деп ескертті Дос-Мұқасан Таукебаев.

 Тақырыпқа байланысты оқу ЕАЭО-да астық саудасының халықаралық жүйесін жасау жоспарлануда

Қарағанды облысы бойынша астық өңдеушілер одағының атынан ол осы бұйрықтың АӨК қатысушылары арасында іске қосылуы жақындап келе жатқан егін жинау науқанының бұзылуына әкелетінін мәлімдеді. Ұн тартушылар мен дәнді дақылдарды өңдеушілер АӨК кәсіпорындары үшін бұл жүйенің әлі жетілмегендігіне, техникалық мүмкіндіктерінің жетіспейтіндігіне және кері әсер ететіндігіне байланысты осы бұйрықтың күшін жоюды талап етеді.

ҚР БҚДА баспасөз қызметі хабарлағандай, кедергілер жөніндегі кеңес мүшелері тосқауылдар картасына енгізу үшін АӨК кәсіпорындары үшін осы бұйрықты қайта қарау немесе күшін жою мүмкіндігін қарау туралы ұсынысты бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне жіберуге шешім қабылдады.