ҚР өндірушілері 5 айда тері экспортынан $2 млн табыс тапты
2021 жылдың бес айында отандық ірі қара малдың иленген терісі мен былғары красты сатудан түсетін экспорттық табыс $2,4 млн-ға жетті, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 73,3% -ға жоғары. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«ІҚМ терісінен былғары өндіру көлемі 2021 жылдың 6 айында 54 млн шаршы метрді құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 15,2% -ға жоғары. Жергілікті нарықта отандық былғарыны отандық аяқ киім өнімдері (негізінен әскери және арнайы аяқ киім үшін) және былғарыдан жасалған тауарлар (сөмкелер, белдіктер) аз мөлшерде сатып алады, қалғаны экспортталады», - деп хабарлады ведомстводан.
Қазақстандық терінің негізгі сатып алушылары Қытай, Үндістан, Италия, Түркия, Украина және Испания елдері болды.
Тақырыпқа байланысты оқу: Тері шығаруға тыйым салған былғары зауыттары шикізаттың 20% ғана өңдеді
«QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы мамандарының мәліметінше, былғары илеу және тері илеу кәсіпорындары еліміздің 11 өңірінде орналасқан. Осы саладағы зауыттардың басым көпшілігі Шымкентте орналасқан (7 кәсіпорын).
Былғары өңдеумен және илеумен «Almaty Tannery» атты Алматы былғары зауыты және 27 шағын бизнес кәсіпорны айналысады: «ҚазИталКожа» ЖШС, «Semey Tannery» ЖШС, «Қазақ- Мех» ЖШС, «Петропавл тері зауыты», «Тараз былғары зауыты», «Turan Skin» ЖШС, «Камшат-Әсел» ЖШС және т.б.