12 августа 2021
Қазақстан
Төлеутай Рахымбеков АШМ басшысының кеңесшісі болып тағайындалды
«Ауыл» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, бұрынғы ҰАҒБО басшысы Төлеутай Рахимбеков ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі болып тағайындалғанын хабарлады.
«11 тамызда ҚР АШМ бұйрығына сәйкес мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі міндетіне кірістім. Бірінші міндет - 2030 жылға дейінгі АӨК дамыту тұжырымдамасын (Стратегиясын) әзірлеуге қатысу», - деп жазды Төлеутай Рахымбеков Facebook бетінде.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 2021-2030 жылдарға арналған АӨК дамыту тұжырымдамасын және 2021-2025 жылдарға арналған АӨК дамытудың ұлттық жобасын әзірледі.