Жұмыртқа бағасы тағы да қымбаттайды
ҚР-да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының апта сайынғы өсу динамикасы 0,5-0,6%-дан 0-0,1%-ға дейін төмендеді. Бұл жағдай жаңа өнім жинау науқанымен байланысты және үкіметтің қолдауы да әсер етуде, оның ішінде жанар жағар майдың арнайы бағамен берілуі де көмек болуда, тек жұмыртқадан басқа өнімдердің бағасы ағымдағы жылдың соңына дейін күрт өсуіне ешқандай себептер жоқ. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі агроөнеркәсіп өндірушілермен кездесу қорытындысы бойынша хабарлады.
Өндірушілер кездесу барысында түсіндіріп өткендей, тауық жұмыртқасының бағасы жазғы шығын маусымынан кейін жыл басындағы деңгейге қайта оралады.
Тақырыпқа байланысты оқу: Жұмыртқа өндірушілер Қытайға экспортты ашуды сұрауда
Сонымен қатар, БҚДА бағаның өсуіне әсер ететін бірқатар негңзгі факторларды көрсетті.
«Бірінші кезекте, бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарығындағы импортқа тәуелділіктің жоғары үлесі бар - қант, күнбағыс майы, қарақұмық, қара бидай, сиыр еті және т.б. Бұл шетелде бағаның өсуі кезінде осы өнімдерге отандық бағаның сөзсіз көтерілуіне әкеледі. Екіншісі - ауыл шаруашылығы өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру көлемінің қысқаруы, оның ішінде субсидиялау бағыттарының тұрақсыздығына, бөлінетін қаражат көлемінің қысқаруына байланысты бағаның өзгеруі мүмкін», - деп хабарлады БҚДА баспасөз қызметі.
Ведомствода атап өткендей, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ауыл шаруашылығы өнімдерін сатуд кезіндегі делдалдық схемаларды анықтау және саудада қосылатын үстеме ақшаны анықтау талдау бойынша жұмысты бастады.