16 апреля 2020 Қазақстан

АНК 4,3 млрд теңге несиені төлеу мерзімін кейінге шегерді

Аграрлық несие корпорациясы 32 кәсіпкердің қарыздарын төлеу бойынша мерзімді кейінге шегеруді мақұлдады. Бұл ақпаратты КазАгро баспасөз қызметі хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда төтенше жағдай енгізілгеннен кейін аталған холдинг карантин режимне байланысты қаржылық жағдайы нашарлаған барлық аграршыларға несиелерін өтеу бойынша үш айлық мерзімге кейінге қалдыру туралы шешім қабылдаған еді. Бұл ұсыныс АНК, ҚазАгроҚаржы және ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорында қарыздары бар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін қолданылады.

 Нәтижесінде сәуір айының ортасына қарай Аграрлық несие корпорациясына жалпы сомасы 6,3 млрд.теңгеден асатын қарыздары бар 84 фермерден өтінімдер келіп түсті.

Әрбір өтінімді қарау қарыз алушының қаржылық жағдайына ТЖ –дың әсер ету дәрежесіне байланысты  жеке –жеке қарастырылды. «Ең басты, дәлелді себептерге» сатылған тауарлар мен қызметтер көлемінің төмендеуі, өнімді сатып алушылардан төлемнің кешіктірілуі және т. б. жағдайлар ескерілді.

Қазіргі уақытта Аграрлық несие корпорациясы 32 кәсіпкерге қарыз мерзімдерін кейінге шегеруді мақұлдады, оның жалпы сомасы 4,31 млрд теңгені құрайды. Сонымен қатар 51 өтінім әлі қарастырылу үстінде.

Әзірше, 299 млн теңге көлемінде несие алған бір кәсіпкердің өтініші мақұлданбады. Қабылданбаған себебі — қарыз алушының төлемдері бойынша жеңілдік кезеңі бар және бұл кәсіпкер шарт талаптарына сәйкес әзірге төлем жасамайды.