Елордада KazAgro/KazFarm халықаралық аграрлық көрмелері ашылды
Бүгін EXPO Көрме орталығында 20-дан астам елден 120-дан астам компанияның қатысуымен KazAgro/KazFarm халықаралық аграрлық көрмелері ашылды. Олар 20-23 қазан аралығында үш күнге созылады.
"Қазіргі пандемия жағдайында бүкіл әлемде ауыл шаруашылығының рөлі артты. Жаһандық климаттық өзгерістер ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуде жаңа тәсілдер мен шешімдерді талап етеді. Сондықтан Қазақстанның АӨК кешенді және үдемелі дамыту мәселесі, оның бәсекеге қабілеттілігі мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі болып табылады. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан саясаттың тиімділігін Британдық Economist журналы өткізетін Жаһандық рейтинг те растайды, онда Қазақстан 2020 жылдың қорытындысы бойынша 16 позицияға көтерілді", - деді көрменің ашылуында ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров.
Ол жаңа жағдайлар мен сын-тегеуріндерде агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі дамытуды қолдау үшін технологиялық жаңару мен жаңғырту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде және оны қайта өңдеуде инновацияларды қолдану ерекше маңызды екенін атап өтті. Биыл тұңғыш рет көрмеде отандық аграрлық ғылым жеке павильонмен ұсынылуы есте қаларлық оқиға.
"KazAgro/KazFarm көрмелері барынша қажетті білім мен құзыреттілікті беретініне, ауыл шаруашылығы өндірушілеріне және аграрлық нарықтың басқа да қатысушыларына ауыл шаруашылығы бизнесін жүргізудің ең жаңа және тиімді құралдарымен танысуға мүмкіндік беретініне сенемдімін. Сондай-ақ, әлемдік өндірушілерден және агарлық секторға арналған жабдықтар мен материалдарды жеткізушілерден кәсіби кеңес алу", - деді Айдарбек Сапаров.
Көрмені ұйымдастырушы - ExpoGroup халықаралық көрме компаниясының директоры Шолпан Қожабаева қазіргі жағдайда осындай ауқымды көрмені жинау қиын болғанын, бірақ оны барынша шектеулі мерзімде жасау мүмкін болғанын атап өтті. Ол барлық қатысушылар мен ұйымдарға алғысын білдірді.
"Мен бұл көрмені Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнаймын. Қазақстандық фермер өз жұмысында ең үздік техника, технология, инновацияға ие болуға лайық. Мұнда әлемдік жетістіктер ұсынылған. Біз өндіруші мен тұтынушы арасында диалог құруға одан әрі де көмектесетін боламыз. Көрмеге қош келдіңіздер!"- деді ол.
KazAgro - бұл ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібінің көрмесі, KazFarm - мал шаруашылығы мен ет-сүт өнеркәсібінің көрмесі. Мұнда шикізат пен дайын тамақ өнімдерін өндіруге арналған жабдықтар, технологиялар мен құралдардың барлық кешені ұсынылған.
Көрме аясында мазмұнды іскерлік бағдарлама жоспарланған. Үш күн бойы дөңгелек үстелдер мен тұсаукесерлер өтеді. Ертең, 21 қазанда Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстандағы өсімдік өсірушілердің алғашқы республикалық слетін ұйымдастырады.
Сондай-ақ, республикалық ақбас тұқымды қазақ палатасы мүшелерінің жылдық жиналысы және Палатаның Ет туры өтеді. Элиталық тұқымды бұқашықтарды сату бойынша аукцион жоспарланған.
Көрме оқиғаларын ElDala.kz порталында және әлеуметтік желілерде қадағалаңызда.