ҚР-да астық құнын субсидиялау енгізіледі
Нан бағасын тұрақтандыру мақсатында қаңтардан бастап "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ әлеуметтік нан өндіру үшін өңірлерге өткізетін астық құнын субсидиялау енгізіледі. Бұл туралы үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.
"Механизм Азық-түлік корпорациясының астықты ішкі нарыққа өткізу кезіндегі шығыстарын нарықтық бағадан төмен өтеуді көздейді", - деп түсіндірді АШМ басшысы.
Ол ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында 2025 жылға дейін импортты алмастыру бойынша шаралар кешені қарастырылғанын атап өтті.
Тақырып бойынша оқу: Ақмола облысында тегін субсидиялау платформасы іске қосылады
Министрлік 2022 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімге 125 мың тонна көлемінде күнбағыс тұқымдары мен 110 мың тонна күнбағыс майы экспортына сандық шектеулер; 3 ай мерзімге картоп пен сәбіз экспортына тыйым салу; 6 ай мерзімге тірі ІҚМ мен ұсақ малдың экспортына тыйым салуды енгізу жөнінде жедел шаралар қабылдады.