Достық және Алтынкөл станцияларының бастықтары жұмыстан босатылды
Қазақстанда Президенттің тапсырмасы бойынша Қытаймен кедендік шекарада тексеру жүргізілуде. Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев тексерістен өтуді және салықтар мен баждарды төлеуді тәртіпке келтіру қажеттігін айтқан болатын. Шекарада болып жатқан бейберекет туралы ҚР мен ҚХР кедендік статистикасындағы елеулі алшақтық айтады.
Бүгін ҚТЖ ұлттық компаниясының баспасөз қызметінде "KTZE-Khorgos Gateway" құрғақ портының, "Нұр жолы" және "Алтынкөл" өткізу пункттерінің жұмысын Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев пен ҚТЖ ҰК Басқарма Төрағасы Нұрлан Сауранбаев тексерді.
"Жұмыс сапары барысында сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларымен кездесу өткізіліп, онда қазақстан-қытай шекарасында бизнес жүргізудің ашықтығын арттыру мәселелері талқыланды. Сапар қорытындысы бойынша Достық және Алтынкөл теміржол станцияларының басшылары қызметтерінен босатылды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия – Қытай" мемлекет басшыларының саммиті барысында шекарада жүргізіліп жатқан тексеру туралы хабарлады.
"Біз кедендік шекарада тәртіп орнату бойынша батыл жұмысты бастадық, соның ішінде заңсыз схемаларды енгізген және бизнес үшін барлық кедергілерді қойған жосықсыз кәсіпкерлермен күрес жүргізудеміз. Мұндай заңсыз әрекеттерге қарсы күрестің нәтижелері алыс емес екеніне сенімдімін. Қазақстанға импорт пен үшінші елдерге транзит ешбір жағдайда зардап шекпейтінін мәлімдегім келеді. Мен үкіметке және құқық қорғау органдарына тиісті тапсырма бердім", - деді ҚР президенті.