ЕАЭО агроиндустрияны дамыту картасын дайындайды
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕЭО) агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мақсатында маңызды ірі инвестициялық және инновациялық жобалар туралы мәліметтермен ақпараттық ресурс жинақтайды. ЕЭК баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған Комиссия кеңесі тиісті шешімді 29 сәуірде қабылдады.
Аталған шешім одақтас елдердің үкімет басшылары арасында Үкіметаралық Кеңестің жақын отырыстарының бірінде қабылданады деп күтілуде.
«Біз «Еуразия экономикалық одақтың агроиндустриясын дамыту картасы» деп атайтын ресурс үш бөлімнен тұрады. ЕАЭО елдерінде жүзеге асырылатын немесе жоспарланып отырған ауыл шаруашылығындағы ірі инвестициялық және инновациялық жобалар туралы ақпараттар бір жүйеге жинастырылады. Екіншісі-АӨК ресурспен қамтамасыз ету және импорт алмастыру үшін жобаларды іске асыру туралы мәліметтер. Үшіншіден – аталған одақта импорттың үлкен үлесі бар ауыл шаруашылығы тауарлары мен ресурстары туралы деректер жинақталатын болады», — деп хабарлады ЕЭК өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешені бойынша министр Артак Камалян.
Карта кешенді ақпараттық ресурс болады,ол жалпы аграрлық нарықты қалыптастыруға көмектеседі.
Аталған картаға, құны 10 млн. доллар болатын жобалар кіргізіледі. Олар аграрлық нарықты одақтас елдердің тауарларымен толықтыру мәселелерін шешуге бағытталады. Бұған мемлекетаралық өзара іс-қимылды, шикізатты немесе дайын өнімді жеткізуді көздейтін кооперациялық жобалар болады. Сондай-ақ ЕАЭО-ның екі және одан да көп елдерінің қатысуымен инновациялық технологиялық шешімдерді дайындауға және енгізуге бағытталған жобалар кіреді.
Бұл мәліметтер одаққа мүше мемлекеттерге ұлттық жоспарды дайындау кезінде өндірістердің қайталануын болдырмауға, ортақ аграрлық нарықтың даму және тауарлармен қамтамасыз ету үрдістерін ескеруге мүмкіндік береді.
Карта ЕАЭО-ның ресми сайтында орналастырылады және одақтас елдердің ұсыныстарына сәйкес оны тұрақты жаңарту көзделеді.