Қаахстандық фермерлерге жылыжай құрылысының нидерландтық технологиясын үйретеді
Қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен аграрлық ЖОО студенттері жылыжай құрылысының Нидерландтық технологияларында білім алуда. Қазақстанның Нидерландтағы Елшілігі, KAZAKH INVEST ұлттық компаниясы және Dutch Greenhouse Delta компаниясы әлемдік үздік тәжірибелермен және технологиялармен танысуға болатын вебинарлар сериясын өткізеді. Бұл туралы ElDala.kz ұлттық компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
"Қазіргі жылыжай технологиялары: сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер" тақырыбындағы алғашқы вебинар жұмысына 150-ге жуық адам қатысты.
Қолданылатын технологиялар мен цифрлық шешімдердің нәтижесінде Нидерландтар өнімнің тұрақты жоғары шығымдылығы мен сапасына қол жеткізілгені, бұл оларға азық-түлік тауарларының әлемдегі екінші экспорттаушысы болуға мүмкіндік беретіні атап өтіледі.
"Онлайн сессия аясында Нидерландтың жетекші компаниялары осы инновацияларды қолдану бойынша білімдері мен тәжірибелерімен бөліседі. Алған білім қазақстандық бизнестің Нидерланды тәжірибесін үйренуіне түрткі болады деп сенемін", - деп атап өтті Асқар Жұмағалиев.
Сессия модераторы және Dutch Greenhouse Delta атқарушы директоры Эрик Эгбертс аудиторияға компанияның өсіп келе жатқан мегаполистерде азық-түлік пен гүл өсіруге байланысты кешенді ауқымды жобалар үшін "бір терезе" екенін айтты. Нидерландтық серіктестермен жұмыс жасай отырып, DGD ғылыми зерттеулерден, кәсіпкерлік тәжірибеден, білім беруден және мемлекеттік органдармен қарым-қатынастан тұратын бірыңғай Fork2Farm бау-бақша экожүйесін ұсынады.
Тақырып бойынша оқу: ҚР фермерлері үшін құрғақшылық жағдайындағы агротехнологиялар бойынша вебинар өткізіледі
KUBO, Van der Hoeven және Certhon сияқты жетекші нидерландтық компаниялардың өкілдері аудиторияға голландиялық жылыжай кешендері мен арнайы техниканың артықшылықтарын таныстырды. Голландиялық сарапшылар жылыжай секторындағы соңғы технологиялар, жылыжайлардың әртүрлі түрлері, жылыжай жобасын қалай бастау керектігі, жобаны іске асыру кезінде қандай бөлшектерге ерекше назар аудару керектігі және т. б. туралы айтты.
Өз кезегінде, Қазақстан жылыжайлар Одағының президенті Нұрлан Әділхан голландиялық әріптестеріне қазіргі цифрлық шешімдерді енгізуге көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.
Сондай-ақ, голландиялық компаниялардың өкілдері ағымдағы жылдың сәуір айында Қазақстанға келіп, жергілікті мамандарға арналған оқыту курстарының оффлайн сериясын өткізу туралы өз жоспарларын хабарлады. Бірінші вебинардың жұмысы Q&A сессия форматында аяқталды, оның барысында қазақстандық аграршылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.