Фермерлер Ауыл шаруашылығы басшысына өз сауалдарын қоя алады
Қазақстандық фермерлер ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровқа өз сұрақтарын қоя алады. Оған ведомство басшысы 3 маусымға белгіленген халыққа дәстүрлі түрде есеп беру кездесуінде жауап беретін болады.
Орталық мемлекеттік органдардың басшылары 2016 жылдан бастап жыл сайын халық алдында есеп береді. Сапархан Омаров 3 маусымда ҚР АШМ-ның 2019 жылғы қызметінің нәтижелері және аграрлық саланы дамытудың алдағы жоспарлары туралы хабардар етеді, сондай-ақ азаматтардың сұрақтарына жауап береді.
Аталған кездесуге еңбеккерлердің өздері де қатысуға болады –деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі және олар келушілерді кездесуге еркін түрде кіргізеді, сондай-ақ бейнеконференция байланысы режимінде де қамтамасыз етуге уәде береді.
Аймақ тұрғындары үшін онлайн режимінде сұрақ қою мүмкіндігі бар. Facebook және Instagram ресми парақшаларында, арнайы интернет-порталдарда және БАҚ-та есептік кездесуді тікелей трансляциядан көруге болады.
Министрлікке қоятын сұрақтарды және ұсыныстарды мына электронды мекенжайға жіберуге болады: minagripress@gmail.com, немесе байланыс телефон нөмірлері: 8(7172) 55-57-65.