Астық егетін аймақтарда ылғалдың қанағаттанарлық қоры байқалады
Жаппай егіс жұмыстары басталар алдында Қазгидромет топырақтағы ылғал қорының қорытынды болжамын жасады. Негізгі астық егетін аймақтарда ылғал қоры оңтайлы немесе қанағаттанарлық деңгейде.
Мамандардың есептеулері бойынша, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында егіс жұмыстары алдында егістіктердің ылғалмен қамтамасыз етілуі қанағаттанарлық деңгейде күтіледі.
Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында ылғал қоры оңтайлы деңгейден қанағаттанарлық деңгейге дейін, ал Қарағанды және Алматы облыстарында оңтайлы деңгейде күтіледі.
Бұл ретте ылғал қорының жеткіліксіз деңгейі Батыс Қазақстан облысында болжанып отыр.
Тақырып бойынша оқу: Мамыр айында Қазақстанның бірқатар облыстарында ылғалдың жетіспеушілігі болжанады
Қазгидромет барлық агрометеорологиялық болжамдарды www.agrodata.kz қосымшасында үнемі жариялап отырады