12 мая 2020 Қазақстан

АШМ 3-4 сыныпты бидай экспорттаушылардың алдын ала жасалған тізімін жариялады

3-4 сыныпты бидайға квота беру үшін қосымша өтінімдерді қарау қорытындысы шығарылды. Онда ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге мамыр айындағы экспорттаушылардың алдын ала тізбесі жасалды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінен хабарлағандай, 3-4 сыныпты бидай экспорты ішкі нарық үшін кепілдік қойғаннан (кепілден) ғана  беріледі. 3-4 сыныпты бидайдың көлемі экспортқа берілетін квотаның көлемінен есептеледі.

3-4 сыныпты бидайға кепілдік алу үшін Азық-түлік корпорациясымен шарт жасасу қажет. Шарт жасасқандар және бидай көлемі бойынша кепіл қойған, талаптарды орындаған өтінім берушілер алдын ала жасалған тізімге енгізіледі.

Аталған тізімге ену бидай экспортына берілетін фитосанитарлық және ветеринарлық сертификаттарды алуға негіз болып табылады.

 Айта кету керек, квота алуға үміткер өтініш берушілердің тізіміне бес компания кіріп отыр, олар:

  • «Асыл Агро» ЖШС
  • «Талшық Астық Агро» ЖШС
  • «АБИ-ЖЕР» ЖШС
  • «Тамыз Инвест» ЖШС
  • «Жамбыл Агрофирмасы» ЖШС

Барлық компаниялар Солтүстік Қазақстан облысынан. Бидай экспортының жалпы көлемі — 13 749,280 тонна, оның ішінде 3 сынып — 2 793,450 тонна, 4 сынып — 10 955,830 тонна. Ішкі нарыққа кепілді жеткізу көлемі — 4 124,784 тонна (838,035 тонна — 3 сынып, 3 286,749 тонна — 4 сынып).