13 мая 2020 Қазақстан

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры директорлар кеңесінің құрамы өзгерді

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ директорлар кеңесінің құрамында өзгерістер болды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында хабарланады.

Қордың директорлар кеңесінің құрамынан өз еркімен  акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің төрағасы Д. Б. Жұмашов шығып кетті.

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Қордың директорлар кеңесі енді бес адамнан тұратын болады, олар: А. Б. Джувашев, А. С. Ахметова, Ж. Д. Омаров, Кенжебай Сатжанов, Б. О. Утепбаев.