ШҚО-да майлы дақылдарды өңдейтін екі ірі зауыт салатын болады
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов аймақта майлы дақылдарды өңдейтін екі ірі кәсіпорын салу жоспары туралы хабарлады.
«Аталған аймақтың ауыл шаруашылығы саласында ерекше маңызы бар – екі ірі май өңдеу кәсіпорындарының құрылысы басталады. Семейде май зауыты күніне 1000 тонна күнбағыс тұқымын өңдейді», - деп жазды аймақ басшысы өзінің Instagram-ында.
Даниал Ахметов ауыл шаруашылығы басқармаларының басшыларына осы жобаларға сәйкес зауыттардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін егіс алқаптарының құрылымын өзгерту бойынша жоспар беруді тапсырды.
Сонымен қатар, ШҚО әкімі сүт өнеркәсібінен түсетін пайданы екі есеге – 22 млрд теңгеден 40 млрд теңгеге дейін арттыру жөнінде бағдарлама жасауға тапсырма берді.