16:48 Майлы дақылдар

Павлодар облысында күнбағыс өңдеу іске қосылады

Павлодар облысында өсімдік майы өндірісі іске қосылады. Қазіргі уақытта өңірде жалпы қуаттылығы 180 мың тонна күнбағыс тұқымын өңдейтін екі зауыттың құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Jielong Holdings (Kazakhstan) компаниясы күнбағыс майын экстракциялық әдіспен өндіру жөніндегі жобаны іске асыруда. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 120 мың тонна шикізат пен 50 мың тонна дайын өнімді құрайды.

Жобаға инвестиция 20 млн долларды құрайды. құрылыстың аяқталуы 2026 жылдың қазан айына жоспарланған.

Екінші жобаны «Кеменгер-Май» ЖШС жүзеге асырады, кәсіпорында майлы дақылдарды суық сығу әдісімен өңдеу жолға қойылады. Зауыт 60 мың тонна күнбағыс тұқымын өңдеп, жылына 35 мың тонна тазартылмаған күнбағыс майын шығаратын болады.

Инвестиция көлемі 2 млрд теңгені құрайды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Павлодар облысының жаңа кәсіпорындарының өнімдері ішкі нарыққа да, көрші елдерге экспортқа да жеткізілетінін атап өтті.