Қазақстанда майлы дақылдарды сақтандыруға өтініш қабылдау кезеңі ұзартылды
Майлы дақылдарды ылғалдың жетіспеушілігінен сақтандыруға өтьтінім қабылдау мерзімі 14 мамырға дейін ұзартылды. Бұл туралы аграрлық сектордағы сақтандыру операторы болып табылатын Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры хабарлады.
«Майлы дақылдарды сақтандыру шарттары 2021 жылдың 14 мамырына дейін Qoldau.kz сайтында жасалып бітуі керек», - деп хабарлады АШҚҚҚ.
Ауылшаруашылық дақылдарын сақтандыру кезінде фермерлерге 50% мөлшерінде субсидия төлеу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасында дақылдарды сақтандыру ерікті түрде жасалады. Сонымен бірге мемлекеттік қолдау сақтандыру төлемдерін субсидиялаудан сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялауға ауыстырылды. Сақтандыру және сыйлықақы төлеу процесі толығымен автоматтандырылған түрде жасалады.
Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігінде хабарлап өткендей, қазіргі кезде Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстары аумағында дәнді дақылдарды (бидай, сұлы, арпа) және майлы дақылдарды (күнбағыс, зығыр, рапс, жүгері) сақтандыру жұмыстары жүргізілуде.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстандық фермерлер малдарын аурудан сақтандыра алады
Сонымен қатар, малды сақтандыру жүйесі де жұмыс істейді. Ірі қара малды сақтандыру өте күрделі жағдай болып табылады, атап айтқанда қауіпті инфекциялық және ерекше қауіпті аурулар, өрт, үшінші тұлғалардың зиянды әрекеттері, қауіпті табиғи немесе табиғат құбылыстары, сондай-ақ жазатайым оқиғалар - найзағай түсу, жануарлардың шабуылдары, мал өміріне қауіп төндіретін жарақаттану және басқа да жағдайлар.