АШМ қазан айына күнбағыс тұқымы мен күнбағыс майын шығаруға квота жариялады
Ауыл шаруашылығы министрлігі қазан айында күнбағыс тұқымы пен күнбағыс майын шығаруға квота алуға өтінімдер қабылдауды бастады.
Қазан айына арналған квоталар мынадай көлемде айқындалған:
- Күнбағыс тұқымы (СЭҚ ТН коды 1206 00 100 0, 1206 00 990 0) - 7 500 тонна;
- Тазартылмаған (СЭҚ ТН кодтары 1512 11 910 1, 1512 11 910 9) және тазартылған (СЭҚ ТН кодтары 1512 19 900 2, 1512 19 900 9) күнбағыс майы - 17 579 тонна.
Қазан айында ішкі нарыққа кепілдендірілген тауар жеткізу бойынша талаптар белгіленбейді, деп хабарлады АШМ.
Өтінімдер бүгіннен бастап 17 қыркүйек күні сағат 18: 00-ге дейін PDF форматында уәкілетті органның кеңсесі арқылы оffice@minagri.gov.kz. электрондық поштасына қабылданады. Өтінім жіберілгеннен кейін өтінімді қабылдау және тіркеу туралы ақпаратты 8 (7172) 555-763 телефоны арқылы нақтылау қажет.
Өтінімдерді қабылдауды жүзеге асыратын уәкілетті органның жауапты тұлғасының байланыс деректері: mukhametzhanova.m@minagri.gov.kz, тел. 8 (7172) 555-886.
Тақырыпқа байланысты оқу: Күнбағыс тұқымы мен күнбағыс майын экспорттауда 30 компания квота алады
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2021 жылғы 20 тамыздағы № 246 бұйрығымен бекітілген Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу ережесі және өтінім нысаны Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жарияланған.
Естеріңізге сала кетейік, күнбағыс тұқымы мен күнбағыс майын экспорттауға квоталар 2022 жылдың 1 ақпанына дейін жарамды болып табылады.