29 апреля 2020 Майлы дақылдар

АШМ күнбағыс майының экспортына квота беру үшін өтінім қабылдайтынын жариялады

Қазақстанда 2020 жылдың мамыр айына шикі күнбағыс майын шығаруға  квота алуға өтініш қабылдау басталды.Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Мамыр айына тазартылмаған күнбағыстың шикі майы үшін берілетін экспорттық квота көлемі 10  мың тонна болып бекітілді. Сондай-ақ ҚР-дың ішкі нарығына арналған кепілдендірілген сатылымдардың мөлшері мамыр айында экспорт көлемінің 30%-ын құрайды.

Ішкі нарықта сату үшін тазартылмаған күнбағыс майының мамыр айында  бекітілген бағасы ҚҚС-ты есептегенде тоннасына 290 мың теңгені құрайды, жеткізу саналмағанда.  

Мамыр айына квота алу үшін лимит белгіленген, бір өтінімге 3 мың тонна мөлшерінде май беріледі.

Өтініштер 30 сәуір күні сағат 12.00-ге дейін қабылданатын болады.