Еуразиялық агроэкспресс Қытайға экспортты кеңейтеді
"Еуразиялық Агрологистика" дербес коммерциялық емес ұйымы және "Хуа Но Э Сян" Қытайдағы Ресей сауда компаниясы (РСК) (ВЭБ.РФ тобы) ЕАЭО елдерінен Қытайға азық-түлік экспортын одан әрі кеңейтуге бағытталған ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы ElDala.kz Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
"Келісіммен Одақтың "соңғы миля" деп аталатын азық-түлікпен сыртқы саудасын дамытуға іс жүзінде жәрдемдесу үшін, "бестік" елдерінің жеткізушілеріне көрсетілетін қызметтердің кең спектрін қоса алғанда, Қытай өткізу нарығының контурында жалпы құқықтық негіздер бекітілді", - деп Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев түсінік берді.
РСК Директорлар кеңесінің төрағасы Артем Шаров атап өткендей, ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік тауарлары қытай импортының маңызды және талап етілетін құрамдас бөлігі болып табылады, ал "Еуразиялық агроэкспресс" жобасында көзделгендей, логистикалық аспектілерді тиімді шешкен кезде жеткізу көлемін айтарлықтай ұлғайтуға болады.
"Еуразиялық Агрологистика" АКЕҰ бас директоры Алевтина Кириллова сату көлемінің артуы жобаның логистикалық операторларына жақын болашақта ұзақ мерзімді бәсекеге қабілетті тарифтік мөлшерлемелермен кесте бойынша тұрақты маршруттық пойыздарға ауысуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Жоба дирекциясы және РСК көліктік-логистикалық қызметтер кешенімен байланысты, соның ішінде мультимодальдық шешімдерді қарастыра отырып, жүктерді контейнерлерде жедел және қолжетімді тасымалдауды ұйымдастыру мәселелері бойынша, қытайлық сатып алушымен іздестіруде, іріктеуде және келіссөздерде жәрдем беру, цифрлық форматқа біртіндеп көшу және қызметтер спектрін "жеткізушіден сөреге дейін" режимінде көрсету бойынша келісті.
Пандемияға байланысты өнім жеткізуге қатысты қытай тарапының бұрын-соңды болмаған шектеулеріне қарамастан, "Еуразиялық агроэкспресс" жобасы бойынша 2023 жылдың басына қарай тасымалдардың болжамды жылдық көлемі дирекция бағалауы бойынша шамамен 500 мың тонна деңгейінде күтілуде.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлікті жеделдетілген теміржол және мультимодальдық тасымалдауды жүзеге асыру жөніндегі "Еуразиялық агроэкспресс" бірлескен жобасы 2022 жылғы ақпанда Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы Үкіметтерінің басшылары деңгейінде қолдау тапқанын еске саламыз. Еуразиялық үкіметаралық кеңестің өкіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия қалыптастырған жұмыс тобы іс-шаралар жоспары мен базалық қағидаттарды іске асыру үшін негіз ретінде "Еуразиялық Агрологистика" АКЕҰ жобасының дирекциясы әзірлеген жобасын қолдады.