ҚР фермерлеріне Valibiotics фузариоздан сақтануға көмектеседі
Австриялық Nourivit Technologies компаниясының басқарушы директоры Вольфганг Харрейтер 3 маусымда вебинар форматында қазақстандық фермерлерге ауылшаруашылығында микроорганизмдерді қолдану туралы айтты.
Вольфганг Харрейтер - биотехнология ғылымдарының докторы, Венадағы табиғи ресурстар және табиғи ғылымдар университетінде (BOKU) жұмыс істейді. Ғалымның айналысатын саласы - топырақтағы микроорганизмдер және оларды өсімдіктерді қорғауда, мал шаруашылығындағы жем сапасын жақсартуда, топырақ құнарлылығын арттыруда және басқа да мәселелерді шешуде пайдалану.
Соңғы үш жыл ішінде ғалым Nourivit Technologies GmbH компаниясының зерттеулерін жүргізумен айналысады. Атап айтқанда ғалым өсімдік шаруашылығында да, мал шаруашылығында да қолданылатын дәрі-дәрмектерді құрастырып жасауға көмектеседі. Компанияның негізгі тұтынушылары - Австрияның табиғи жолмен қорғайтын өсімдіктерді өсіретін органикалық фермалар, сонымен қатар сүт фермалары, құс фабрикалары және компост өндірушілер болып табылады.
Nourivit-тің соңғы бірегей ерекше етіп жасаған өнімдері – зеңге қарсы Valibiotics препараты, ол 2019 жылдың күзінде Германияда өткен ауылшаруашылық машиналары мен технологияларының AgriTechnica атты дүниежүзілік көрмесінде ұсынылды.
Valibiotics Австрияда 2019 жылдың жазында жүргізген зерттеу кезінде бидайдан жүзімге дейін көптеген дақылдарда фузариоз қысымының көлемі 50%-ға төмендеген. Аталған препарат экологиялық тұрғыда қауіпсіз, өйткені оның құрамына табиғи топырақ бактерияларының екі шатаммы, фузариум зеңінің табиғи антагонистері кіреді.
«Микробиологияда пйдалы және зиянды микроорганизмдер болады» деді Вольфганг Харрейтер. - Ауыл шаруашылығында қолданылатын жақсы микроорганизмдер зиянкестерге төзімді болып, дақылдардың өнімділігін арттырады, сонымен қатар жануарлардың денсаулығын жақсартады мен өнім сапасын арттырады. Нашар микроорганизмдер өсімдіктерді жояды, ал өте «зиянды» деген микробтар тіпті тағамдарды бұзып, адамдарға зиян тигізуі мүмкін. Қазіргі кездегі ауылшаруашылығындағы басым стратегия зиянды және қауіпті микроорганизмдерді, негізінен химикаттар арқылы бақылау, жою болып табылады. Ал осы химиялық дәрілерге балама ретінде өсімдіктер мен жануарлардың зиянды микробтарға табиғи төзімділігін арттыратын, олардың денсаулығын нығайтатын пайдалы микроорганизмдерді пайдалану керек. Сонымен қатар, осындай процесте зиянды және қауіпті микроорганизмдердің санын азайту жолдарын қарастыру қажет.
Пайдалы микроорганизмдерді пайдалану органикалық егіншілікпен айналысуға мүмкіндік беріп қана қоймай, ауыл шаруашылығындағы қымбат тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарының құнын едәуір төмендетуге болады. Сондықтан бүкіл Еуропа елдерінде көптеген фермерлер осындай пайдалы микроорганизмдерді пайдалануға көшуде.
Сонымен бірге, Қазақстанда бірқатар ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындары Nourivit препараттарын қолданады. Аталған компания 2017 жылы Қарағанды және Ақмола облыстарындағы қатты бидай өсіретін бірнеше шаруа қожалықтарымен ынтымақтастықта жұмыс істей бастады. Табысты да сәтті жұмыстардың нәтижелерінен кейін фермерлер Австриядан концентратқа негізделген өнімдер шығаратын жылжымалы қондырғылар сатып алды.