Түркиялық ірі органикалық өндіруші компания Қазақстанда жұмыс істеуді жоспарлауда
Dervisoglu Group түрік компаниясының иесі және жетекшісі Қазақстанға Ауыл шаруашылығы министрі Сапархана Омаровтың шақыруымен келді. Сапар барысында түрік ауыл шаруашылық нарығының көшбасшы компаниясы қазақстандық фермерлермен кездесулер және келіссөздер өткізеді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады
Биыл қазан айында Сапархан Омаров Түркияның ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындарының басшыларымен бірқатар кездесулер өткізіп, елдің аграрлық секторына белсенді инвестиция салуға шақырды. Сонымен бірге, Сапархан Омаров қазақстандық фермерлермен ынтымақтастықты ұйымдастыруда көмек көрсетуге кепілдік берді. Бұл ұсынысқа бірнеше түрік компаниясы қызығушылық танытып отыр.
«Органикалық өнімдердің жылдық айналымы $285 млн. құрайтын Dervisoglu Group компаниясы органикалық ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастықта істеуге және майлы дақылдар мен дәнді дақылдарды қайта өңдеуге және орауға арналған өндіріс орнын құруды жоспарлап отыр», - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Тақырыпқа байланысты оқу: Органика туралы заңға өзгеріс енгізіледі
Бүгін Сапархан Омаров Нұр-Сұлтан қаласында Dervisoglu Group делегациясын қабылдады. Ауыл шаруашылығы министрлігінде кездесуден кейін компанияның акционері Саит Дервисоглу мен техникалық директоры Мехмет Бучак органикалық ауыл шаруашылық өнімдерін өсірумен айналысатын қазақстандық фермерлермен келіссөздер жүргізеді. Басқа мәселелермен қатар, тараптар кейіннен АҚШ нарығына экспорттау үшін қазақстандық өнімдерге американдық NOP сертификатын алу мүмкіндігін талқылауға ниетті.
Стамбул Өнеркәсіп палатасының TOP 500 кәсіпорнындағы екінші компания болып табылатын Dervisoglu Group компаниясы органикалық өнімдерді өсіруге, өңдеуге және Америка Құрама Штаттарына экспорттауға мамандандырылған.