07 июня 2020 Әлем

АгроДайджест № 15-әлемде азық-түлік арзандауда

2018 жылдан бері алғаш рет ФАО –да азық- түлік индексі  ең төменгі деңгейге дейін түсіп кетті

Мамыр айында ФАО-ның азық-түлік бағасы индексінің орташа мәні 162,5 санды құрады, бұл алдыңғы аймен салыстырғанда 1,9 пайызға төмен және 2018 жылғы желтоқсаннан бастап ең төменгі көрсеткішке сай келеді.

Азық-түлік тауарларына деген әлемдік бағалар соңғы төрт айдан бері төмендей бастады. Бұл жағдай қор биржасындағы тұрақты жағдайға және COVID-19 пандемиясы салдарынан экономикалық құлдырауға байланысты сұраныстың әлсіреуінен туындап отыр.

ФАО сүт бағасының индексі сәуірден бастап және биылғы маусымдағы себептерден май мен ірімшікке деген баға 7,3 пайызға төмендеді; оның орташа мәні өткен жылмен салыстырғанда 19,6 пайызға төмен.

ФАО-дағы ет бағасының индексі де мамырда 0,8 пайызға төмендеді, ал оның орташа мәні 2019 жылғы мамырдағы көрсеткіштен 3,6 пайызға төмен болды.

ФАО өсімдік майы бағасының индексі 2,8 пайызға төмендеп, 10 айдағы ең төменгі көрсеткішке жетті.

ФАО-ның астық бағаларының индексі сәуір айынан бері 1,0 пайызға төмендеді.

Қант бағасының индексі керісінше бұл жағдайды қайталамай, өткен аймен салыстырғанда 7,4 пайызға өсті, алайда қант бағасы сәуір айында төмендеген еді.

Қытайда ауыл шаруашылығындағы азық-түлік сауда балансының тапшылығы өсуде

Ресми статистика көрсеткендей, Қытайдың ауылшаруашылық саудасының тапшылығы 2020 жылдың алғашқы төрт айында 28,62 миллиард долларды құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 18,2% -ға көп.

Импорт 8%-ға өсіп, 51,53 млрд долларға жетті, ал экспорт 2,6%-ға төмендеп 22,91 млрд доллар болды.

Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында ауылшаруашылық саудасының жылдық жалпы көлемі 4,5% -ға өсіп, $ 74,44 млрд құрады.

Астық импорты жылдық есеп бойынша 29,8% -ға 2,14 млн. тоннаға дейін өсті, ал шошқа етінің импорты 1,32 млн. тоннаға жетіп, 180%-ға артты.

Иранда былтырғы жылға қарағанда арпа өндіру  8,57%-ға артты

Иранда ағымдағы 1399 жылы (2020 наурыз- 2021 наурыз) 3,8 млн. тонна арпа өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,57% -ға көп. Бұл Ауыл шаруашылығын дамыту министрлігінің дән және негізгі тауарлар департаментінің бас директоры Фарамак Азиз Каримидің мәліметі.  

«Аталған көлем өткен жылдағы 63% -бен салыстырғанда отандық нарықты өніммен 67%-ға қамтамасыз ете алады. Қалған 33% импорт ретінде келуі тиіс», - деп хабарлады IRNA ресми өкілі.

Бас директордың айтуы бойынша, биылғы жылы республикада арпа 700 000 гектардан астам суармалы алқапта және 1 миллион гектарға жуық жаңбырлы алқапта өсірілгендіктен,  былтырғы жылмен салыстырғанда алқаптағы өнім 10 пайызға артты.

Маусым айында Каспидегі кеме иелерінде қиындықтар болуы мүмкін

Азов және Каспий өңірлеріндегі жүк нарығында тұрақты үрдіс сақталып отыр. Қазіргі уақытқа дейін жүк жетіспеуде. Жүкке деген сұраныс тек шілде айының соңы - тамыздың басында болады деп күтілуде.

Сонымен қатар, соңғы бірнеше айда Ресейден ЕАЭО елдеріне астық экспорты қағаз жүзінде орындалып, айтарлықтай өсуде, әсіресе Беларусь Республикасына. Нарық сарапшылары құжат арқылы жасалып жатқан айла-шарғы және ЕАЭО елдеріне жалған тауарлар жіберу, квоталарды айналып өту экспорттық жеткізілімдердің өсуімен байланысты. Айта кету керек, көптеген экспорттаушылар жоспар бойынша орындалмаған жұмыстарға айыппұл төлемеу мақсатында осындай қағаз жолмен істеуге мәжбүр болып отыр, себебі олар алдын-ала экспорттық келісімшарттар жсап қойған соны  дер кезінде орындауға тырысады.

2020 жылдың қорытындысы бойынша Ресейден күнбағыс майын экспорттау  3 млн тоннаға дейін жетіп отыр

Ресейден күнбағыс майын экспорттау рекордтық қарқынмен жүруде, «СовЭкон» мәліметтері бойынша, биылғы маусымдағы көрсеткіш  3 млн тонна, ал өткен маусымда 2,2 млн  тонна болған еді. Май одағының болжамына сәйкес, күнбағыс майының экспорты 2018/19 жылға қарағанда 25-30%-ға жоғары болады.

Күнбағыс майының экспорттық бағасы одан әрі өсуде және қазір тоннасы шамамен 760 долларды құрайды, бұл алдыңғы аптаға қарағанда 30-35 долларға жоғары.

Сарапшылардың айтуынша, биылғы маусым айының соңына дейін күнбағыс майының бағасы жоғары болады, бұл жағдай Қара теңіз аймағы елдерінің ішкі нарығы күнбағыспен қамтамасыз етілмеуімен байланысты.

Грузияда шабдалы өнімі көп мөлшерде жиналады деп күтілуде

Грузияда шабдалы жинау науқаны маусым айының ортасында басталады. Болжам бойынша, шабдалы дақылдарының, соның ішінде нектариннің өнімі былтырғымен салыстырғанда биыл жоғары болады. Аталған жемісті өсіруші Кахетиде 35 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде. Оның 15 мың тоннасы экспортқа арналады.

Салыстыру үшін айтар болсақ, Грузия бойынша шабдалы дақылдары 2019 жылы 22,3 мың тонна болған (2018 жылы бұл көрсеткіш 27,5 мың тонна), оның 13,3 мың тоннасы экспортталды.

Грузия ұлттық статистика қызметінің мәліметінше, 2019 жылы шабдалы экспорты ақшалай түрде 12 млн 480,1 мың доллар болған, бұл 2018 жылмен салыстырғанда (8 млн 190,2 мың) 52,4% жоғары және соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш.  Былтыр шабдалы 11 елге экспортталған болатын.

Ферғана өңіріндегі мыңдаған отбасын ауыл шаруашылығын дамыту арқылы кедейлік өмірден шығаратын болады

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Ферғана облысы мен аудандарының әкімдерімен және сала басшыларымен, қоғам өкілдерімен кедейлікті азайту, жұмыс орындарын ашу және аймақтағы халықтың кірістерін арттыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Жиналыстағы басты мақсат жыл соңына дейін 43 мыңнан астам отбасын, оның ішінде 17 мың отбасын ауыл шаруашылығын енгізе отырып күн көрісін жақсарту болды.

Осылайша, 4 мың гектарға бақтар мен жүзім алқаптары отырғызылады. Бұрын мұнда астық өсіріліп, 3,5 мың гектар айналымнан шығарылған еді. Мемлекеттік орман шаруашылығы комитеті жанынан дәрілік өсімдіктердің ғылыми орталығы құрылып, 10 мың гектар алқапқа осындай дақылдарды өсіру басталады.

Ферғана үшін шығындарды азайту және ирригациялық жүйеге заманауи технологияларды енгізу туралы шешім маңызды, ол үшін Қайта құру және даму қорынан 50 миллион доллар қаражат бөлінеді.