Қазақстан вьетнамдық технологияларды АӨК-ге трансферттеу туралы уағдаласты
Қазақстанның сауда және интеграция вице-премьер-министрі Серік Жұманғарин мен Вьетнамның өнеркәсіп және сауда министрі Нгуен Хонг Зиен 2023-2025 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастықты жедел дамыту жөніндегі бірлескен іс-қимылдың үкіметаралық жоспарына қол қойды. Қол қою 21 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Хошиминге ресми сапары аясында өтті. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, құжат сауда, инвестиция, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.
Атап айтқанда, вьетнамдық ауыл шаруашылығы технологияларын трансферттеу; өзара саудада жеткізілетін тауарлар номенклатурасын кеңейту; арнайы экономикалық аймақтар мен стандарттау жөніндегі ведомстволар саласындағы өзара іс-қимыл жоспарлануда.
Сондай-ақ, тараптар Қазақстан-Вьетнам Іскерлік кеңесін құруға ниетті.
ҚР үкіметінің мәліметінше, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы тауар айналымы 2023 жылғы қаңтар-маусымда 610,9 млн доллар құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5 есе жоғары ($174,7 млн). Қазақстаннан Вьетнамға экспорт 2023 жылғы қаңтар-маусымда 4,7 есеге өсіп, 116,6 млн долларды құрады.