Ресейдің Қазақстанмен шекаралас аймақтарында құс тұмауы тіркелді
Қазақстанмен шекаралас Ресейдің Челябі облысында құс тұмауының H5N8 түрінің ошағы тіркелді. Бұл туралы аймақтық Россельхознадзор басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
«Увельский ауданындағы Песчаное және Табыншы көлдерінің жағасынан өлген құстардың денелері (1 жабайы үйрек, 2 үй үйрегі және 2 үй қазы) табылып, зерттелді. Бұл құстардан құс тұмауы вирусының H5N8 түрі анықталды. Осыған байланысты аталған елді мекендерде құстарды тіркеу жүргізілді. Осы көлдердің жанында орналасқан елді мекендердің аумағында карантин белгіленді, эпизоотиялық ошақтар мен қауіпті аймақтар анықталды. Ауру таралатын аудандарда құс тұмауымен күресу ережелеріне сәйкес шаралар қабылдануда», - деп хабарлады департаменттен.
Құс тұмауының жоғары патогендік түрі- бұл ауылшаруашылық, синантропты және жабайы құстарға әсер ететін және тез таралатын жедел вирустық ауру. Құс тұмауы эпизоотия түрінде малға да таралатын аурудың бірі.
Аталған ауру түрімен құстардың барлық түрлері ауырады, соның ішінде жеке қосалқы шаруашылықтарда ұсталатын құстар да бар, атап айтқанда: тауықтар, күркетауықтар, үй және жабайы үйректер, қырғауылдар, бөденелер, сондай-ақ дауылпаздар, шағала, тырналар, түйеқұстар және барлық дерлік синантроптық және жабайы, экзотикалық және сәндік құстарда ауырады.
Құс тұмауының экономикалық шығыны жоғары болады және ауру құстардың жаппай қырылуына әкеледі. Сонымен қатар, карантиндік және ветеринариялы-санитариялық іс-шараларды, оның ішінде ауру құстарды жоюмен байланысты үлкен шығын әкеледі. Мысалы, 2005 жылы әлемдегі құс тұмауының панзоотиясы 4 миллиард еуроға бағаланып, материалдық шығын келтірді.