Кеше Әлем

Қазақстан жүгері экспортынан 34 млн доллардан астам табыс тапты

Өткен аграрлық маусымда (2023 жылдың қыркүйегі – 2024 жылдың тамызы) Қазақстанға жүгеріні сыртқы нарыққа жеткізу 34,2 млн доллар әкелді.

Негізгі сатып алушы Тәжікстан болды, онда қазақстандық жүгері 13,2 млн долларға сатылды.

1) Тәжікстан 13,2 млн доллар

2) Өзбекстан 7,7 млн доллар

3) Қытай 6,4 млн доллар

4) Иран 5,1 млн доллар

5) Ресей 4,3 млн доллар

Салыстыру үшін, 2022/23 жылғы маусымда Қазақстан жүгеріні 23,3 млн долларға экспорттады. Сол кезде негізгі өткізу нарықтары Өзбекстан (11,8 млн доллар) және Тәжікстан (10,8 млн доллар) болды.