22 апреля 2025 Әлем

Қытай ауыл шаруашылығы өнімдерінің импортын қысқартуды жоспарлап отыр

2024 жылы 706,5 млн тонна көлемінде рекордтық астық өнімін алған Қытай өндірістің одан әрі өсуін күтуде. Ішкі өндіріс өскен сайын және тұтыну өсімі баяулаған сайын ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерінің импорты азаяды. Бұл туралы ҚХР АШМ жанындағы ауыл шаруашылығының дамуын болжау жөніндегі Сараптамалық кеңестің баяндамасында айтылған, деп «Синьхуа» жазды.

2025 жылы астық өндірісі 709 млн тоннаға жетеді деп күтілуде, бұл өнімділікті арттыруға және шаруалардың астық өндіруге деген ынтасының артуына байланысты.

Болжамға сәйкес, майбұршақ өндірісі 2025 жылы жылдық 2,5%-ға, 21,17 млн тоннаға дейін өседі.

Сондай-ақ, баяндамада Қытай алдағы онжылдықта ауыл шаруашылығы өнімділігінде серпіліс жасайтыны айтылған. Астық өндірудің кешенді әлеуеті, сондай-ақ сала алдында тұрған негізгі тәуекелдер мен сын-қатерлерді жұмсарту және еңсеру қабілеті артады деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы Қазақстан Қытайға 1 млн 781 мың тонна астық жүктерін экспорттаған болатын.