08:00 Әлем

Бішкекте қазақстандық астық сатушы ұсталды

Қырғызстан астанасында астық жеткізуде алаяқтық жасады деген күдікпен қазақстандық кәсіпкер ұсталды. Бұл туралы kaktus.media басылымы жазды.

Басылымның мәліметінше, 1974 жылы туған Қазақстан азаматы Қырғызстанның екі азаматының арызы бойынша 20 қыркүйекке дейін тергеу изоляторына жіберілген. Олар МҰҚК-не З.А.А. Қазақстаннан астық жеткізуді ұйымдастыруға уәде беріп, олардан 2,5 млн доллар алғанын хабарлады. Алайда ақшаны алғаннан кейін ол келісімді орындамай, хабарласудан жалтарған.

Қылмыстық іс «Аса ірі мөлшердегі алаяқтық» бабы бойынша қозғалды.

Kaktus.media хабарлағандай, ұсталған адам қазақстандық ірі азық-түлік компаниясының басшысы және салалық қауымдастықтардың бірінің басшысы болып табылады.