Қыркүйек айында ҚТЖ астық жөнелту бойынша рекорд орнатты
Қыркүйек айында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы 1,45 млн тонна астық жөнелтті. Бұл — қыркүйек айындағы астық тиеудің ең жоғары көлемі және өткен жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 7%-ға көп. Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметі хабарлады.
Компанияның мәліметінше, бір айда экспортқа 1,2 млн тонна астық жөнелтілді, өсім 13%-ды құрады. Негізгі көлем Орталық Азия елдеріне тиесілі — 701 мың тонна (+8%), оның ішінде Өзбекстанға 512 мың тонна (+14%) жөнелтілді. Ауғанстанға тасымалдау 3,4 есе өсіп, 107 мың тоннаға жетті, Қытайға — 2,8 есе артып, 188 мың тоннаны құрады.
Қыркүйек айында ұн тарту өнімдерін тасымалдау көлемі 274 мың тоннаны (+13%) құрады. Оның ішінде экспортқа 230 мың тонна (+27%) жөнелтілді.
ҚТЖ мәліметінше, 2026 жылдың тоғыз айында теміржол арқылы барлығы 10,8 млн тонна астық тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ға көп. Экспортқа 8,4 млн тонна астық жөнелтілді (+14%).