09:47 Әлем

Дүниежүзілік банк жердің тозуынан Орталық Азияға келтірілген залалды бағалады

Жердің тозуы Орталық Азияның ЖІӨ-не жылына 6% деңгейінде, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді төмендету, ГЭС-та энергия өндіру және ауаның ластануына байланысты халықтың денсаулығын нашарлату есебінен залал келтіреді. Бұл туралы Дүниежүзілік банктің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аға маманы Асферачью Абате 21 сәуірде Астанадағы Орталық Азия медиа-зертханасында сөйлеген сөзінде айтты.

«Бұл экономикалық және экологиялық мәселелерді біріктіретін жаһандық сынақ», - деді Асферачью Абате.

Топырақтың тозуына байланысты егін өсіру қабілеті төмендейді, жайылымдар азаяды және ормандар жойылады. Бұл тек ауыл шаруашылығы үшін экономикалық мәселе ғана емес, сонымен қатар климаттың өзгеруінің қосымша факторына айналуда.

Орталық Азиядағы жердің тозуының негізгі себептері:

  • фермерлердің ескірген аграрлық тәжірибелері;
  • су шығыны көп тиімсіз суару жүйелері;
  • ормандардың жойылуы және жайылымдарға шамадан тыс жүктеме.

Қосымша фактор - климаттың өзгеруі, бұл жоғары температура, құрғақшылық, топырақ эрозиясына байланысты топырақтың тозуын күшейтеді.

Шаң мен құмды дауылдар Орталық Азия үшін өзекті мәселе болып отыр.

Дүниежүзілік банк Орталық Азияда ауыл шаруашылығындағы тәжірибені жақсартуға, оның ішінде суару жүйелерін жетілдіруге, жайылымдардың жай-күйін жақсартуға және т.б. бағытталған Орталық Азияның бес елінде 242 млн долларға төрт жоба жүргізеді.

«Бұл мәселені шешуге болады, және бұл ертең Астанада басталатын конференциялардың өткізілуінің бір себебі», - деп қосты Асферачью Абате.

Естеріңізге сала кетейік, 22-24 сәуірде Қазақстан астанасында RES2026 Өңірлік экологиялық саммиті өтеді.