ЕО инвесторларын Қазақстандағы шешілмеген жер мәселесі тежейді
AgriFood Qazaqstan 2020 форумы аясында Германия-Қазақстан аграрлық-саяси диалог ұйымының жетекшісі Александр Барневитц сөз сөйлеп, Еуропалық Одақтан инвестиция салу перспективалары туралы айтты.
АПД серіктестері Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҰАҒБО, Атамекен, ҚазАгро және басқа да Қазақстан Республикасындағы ұйымдар болып табылады. Аталған ұйым олармен 10 жыл бойы үш платформада, оның ішінде органикалық ауыл шаруашылығын дамыту іс-шарасында өзара ынтымақтастықпен жұмыс істесіп келеді.
Александрдың атап өткеніндей, ЕО-дан ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуге, сондай-ақ құрылысқа, оның ішінде ауылшаруашылық техникасын шығаратын өндіріс орындарын құруға инвестиция салуға болады. Бірақ бұл өте қиын және әзірге кейбір қаржылық жағдайлардың қысымы бар (салықтар мен төлемдер), CLAAS компаниясымен болған жағдай тәрізді қайталануы мүмкін. Аталған компания қазір Қазақстанда ауылшаруашылық техникаларының сынықтарын жинау енгізілгеннен кейін комбайндар шығару үшін шағын өндіріс ашуға мәжбүр болуда.
Шетелден өндіріске (ауылшаруашылық шикізатын өндіруге) инвестиция тарту одан да қиын. Мұндағы басты шектейтін фактор - бұл жерге қатысты шешілмеген мәселелер бар.
«Менің ойымша, әзірше органикалық салаға инвестиция салуға болады», - деді Александр. - Бұл бағытта біздің жоба медиатор, делдал ретінде жұмыс істейді. Біз өзімізді инвестицияламаймыз, бірақ біз байланыс жинап, Германиядағы серіктестерімізге Қазақстандағы жобалар туралы ақпарат береміз.
Алесандр қаржы институттары арқылы инвестиция тартуды қызықты бағыт деп атады. Мұнда жақсы әлеуетке қарамастан белсенділік аз деді ол.
Мысалы, Еуропалық инвестициялық банк өзінің соңғы жобасын 2015 жылы аяқтады. Александр валюталық тәуекелдерді ықтимал шектеу факторларының бірі деп атады. Ол сондай-ақ қаржы саласындағы ашықтық жоқ, сондықтан да серіктестердің Қазақстанға деген қызығушылықтары аз екендігін атап өтті.
Сондай-ақ, Александр Барневитц еуропалықтар үшін басты талаптар бойынша көптеген жобалардың әзірленбегендігіне назар аударды. Мысал ретінде ол Қазақстандағы суармалы алқаптарды 2027 жылға дейін екі есеге ұлғайтып, 3 миллион гектарға дейін кеңейту бағдарламасын келтірді.
- Бірақ бұл жобада экологиялық зардаптардың не болары түсініксіз. Біздің компаниялар осы мәселеге басты назар аударады, - деді Александр Барневитц.