Сауда министрлігі ҚХР-мен қазақстандық ауылшаруашылық өнімдерінің экспортын талқылады
Қазақстандық ауылшаруашылық өнімдерін ҚХР нарығына шығару туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ҚХР-дың Комерция министрі Ван Веньтаомен талқылады.
Сауда министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, екі елдің министрлері ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамытудағы болашағы бар екендігін және ҚХР-ға жоғары сапалы ауылшаруашылық өнімдерін жеткізуді арттыру мүмкіндігін атап өтті.
«Екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты толығымен іске асыру үшін Қытай тарапы қазақстандық ауылшаруашылық өнімдерін ҚХР нарығына шығуына көмектесуі қажет», - деді Бақыт Сұлтанов.
Қазақстан ҚХР-ға жоғары сапалы өсімдік шаруашылығы өнімдерін жеткізуге қызығушылық танытып отырғандарын жеткізді.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстан мал азығына арналған арпаны Қытайға экспорттайтын болады
Сонымен бірге, министрлер Қытай елінің вагондарды қабылдамауынан екі елдің шекарасында вагондардың ұзақ уақыт тоқтап тұруын талқылады. Еске салар болсақ, 2020 жылдың қараша айынан бастап осы жылдың сәуір айына дейін вагондар шекарада кептеліп жиналған болатын. ҚТЖ жүк тиеу станциясына шамамен 2 мың вагонның 50% қайтаруы керек болды.
«Бақыт Сұлтанов Алашанкоу -Достық шекара өткелі арқылы жүк пойыздарын қабылдауды тәулігіне 18-20 пойызға дейін жеткізді, ал Қорғас-Алтынкөл шекарасы арқылы 8-10 пойызға дейін көбейту үшін Қытайға көмек көрсету туралы мәселені көтерді. «Нұр жолы» пункттері арқылы күніне 20 вагон өткізу жайы талқыланды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.