Италияның көлік жолдарындағы қиындықтарға байланысты ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты төмендеді
Италияның көлік жолдарындағы қозғалыстардың тоқтатылуы себебінен ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты төмендеді. Бұл ақпаратты Италия ауыл шаруашылығы қоғамдастығының президенті Coldiretti Этторе Прандини хабарлады, деп Xinhuanet материалдарында жазылды.
«АӨК саласындағы жарамдылық мерзімі аз өнімдер тез бұзылуда. Мсыалы атап айтсақ, моцарелла ірімшігі немесе азық түлік емес ауыл шаруашылығы өнімдері бұзылуда. Бұл компаниялар әдетте өздерінің жылдық бизнесінің 70%-ын наурыз және сәуір айларында жүзеге асырады», -деді ол.
Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы секторы үшін коронавирустың жалпы шығынын бағалау әлі ертерек, бірақ шамамен жалпы сомасы €523 млрд ( $575 млрд) болып бағаланады.
Бүкіл әлемде болып жатқан карантин кезінде Италияда өмірлік маңызы бар деп саналатын компаниялар мен салалар қорғану ережелерін сақтаған жағдайда өз қызметін жалғастыруға рұқсат етілген. Мұндай шаралар аграршыларға, ранчо иелеріне, балықшыларға, шарап жасаушыларға, сыр жасаушыларға және дистрибьюторларға жұмыстарын жалғастыруға мүмкіндік береді.
Тақырыпты оқу: Коронавирустың таралуы: АӨК-ке әсері (жаңартылады)
Естеріңізге салсақ, көктемдегі егін егу жұмыстарын 70 млрд теңгеге қаржыландыру «ҚазАгро» холдингі арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан егістікке тағы қосымша 100 млрд қаржы бөледі. Аталған қаражат ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша «Қарапайым заттар экономикасы» атты мемлекеттік бағдаламасы аясында берілетін болады. Мемлекет ДПО кредиттерінен басқа жергілікті бюджет арқылы тұқым шаруашылығын (11,3 млрд теңге), минералды тыңайтқыштарды (23,3 млрд теңге) және пестицидтерді (31,4 млрд теңге) қаржылай қолдайтын болады.