Қонаевта астық өңдеу кешенін 12 млрд теңгеге қайта жаңғырту жұмыстары аяқталуда
Алматы облысындағы «Қапшагай Бидай өнімдері» ЖШС-нің астық өңдеу кешенінде 2024-2026 жылдар аралығында толық қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жобаға 12 млрд теңгеден астам инвестиция салынды, нәтижесінде экспорттық әлеуетті кеңейту көзделуде.
Бүгін ҚХР-ға жөнелтуге компания өнімдерінің бірінші партиясы дайындалуда, деп ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жоба элеваторды біржолғы сақтаудың 100 мың тоннасына, қуаттылығы тәулігіне 400 тонна май престеу зауытын, құрама жем зауытын тәулігіне 2 500 тонна астыққа, ұн тарту зауытын тәулігіне 300 тоннаға жаңғыртуды көздейді.
Қазіргі уақытта элеваторды жаңғырту және 1000 сақтау бірлігіне арналған контейнерлік терминал салу жөніндегі іс-шаралар аяқталуда, бірінші кезектегі құрама жем зауыты пайдалануға берілуде. Қазірдің өзінде 6,5 мың шаршы метрге қоймалар салынып, ұзындығы 5,9 км темір жол жаңартылды. Ұн тарту және май өңдеу цехтарының жабдықтарын монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Кешен жобалық қуатқа шыққаннан кейін жылына 840 мың тонна құрама жем, 59 мың тонна жоғары сұрыпты ұн, 31 мың тонна бидай кебегі, 54,6 мың тонна өсімдік майы, 61,6 мың тонна күнжара, 17,5 мың тонна түйіршіктелген қабық өндірісі қамтамасыз етіледі.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, алдағы бес жылда «Қапшагай Бидай өнімдері» таяу шет елдерге 2 млн тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін экспорттауды жоспарлап отыр.