11:23 Ұн

Ұн нарығында Қазақстанның жаңа бәсекелесі пайда болды

Мысыр ұнның дәстүрлі экспорттаушылары үшін елеулі бәсекелеске айналды. Бұл туралы EURASIAN AGRICOM-2026 астық конференциясында Аграрлық нарық конъюнктурасы институтының (АНКИ) бас директоры Дмитрий Рылько мәлімдеді.

Қазіргі таңда Мысыр жылына шамамен 1,5 млн тонна ұн экспорттайды. Оның 1 млн тоннасын Судан алады, қалған көлемі Батыс Африканың басқа мемлекеттеріне жөнелтіледі.

Осылайша, Мысыр әлемдік нарықта ұзақ жылдар бойы ұн экспорты бойынша көш бастап келе жатқан Түркияға бәсекелес болып отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Түркия шамамен 2,4 млн тонна ұн экспорттады. Орталық Азияда ұн өндіру және экспорттау бойынша Өзбекстан мен Қазақстан көш бастап келеді.

Айта кетейік, Қазақстан 2007–2010 жылдары ұн экспорты бойынша әлемдік көшбасшы болған, кейін бұл орынды Түркияға берді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан 1,9 млн тонна ұн экспорттады.