16:10 Ұн

Қазақстан Қытайға жемдік ұн экспортын арттыруды жалғастыруда

Қазақстаннан бидай мен арпаның жемшөптік қоспасын (жемдік ұн) экспорттау көлемі қыркүйек айында 374,4 мың тоннаға жетіп, жөнелтілімнің рекордтық көрсеткіші тағы да жаңарды. Экспорт көлемі тамыз айымен салыстырғанда 30,7%-ға, ал 2025 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 22,8%-ға өсті. Бұл туралы Қазақстанның Астық одағының талдау комитетінің басшысы Евгений Карабанов хабарлады.

«Бұл – айлық көрсеткіш бойынша бүкіл тарихтағы ең жоғары нәтиже», – деді сарапшы.

Қазақстаннан экспортталатын жемдік ұнның 99%-дан астамы Қытайға жөнелтіледі. Евгений Карабанов Қытайдың бақылаушы органдары талаптарды қатаңдатқанына және шекаралық өткізу бекеттерінде мезгіл-мезгіл туындайтын логистикалық қиындықтарға қарамастан, жөнелтілім көлемі артып келе жатқанын атап өтті.

Евгений Карабановтың мәліметінше, жемдік ұн экспортының өсуі Қытайға бидай жеткізу көлемінің төмендеуін өтеп отыр. Қыркүйек айында бидай экспорты 2,9 мың тоннаны құрады. Бұл 2025 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 23,7%-ға аз.

Астық одағының мәліметінше, осы аптаның басында DAP Алашанькоу және DAP Қорғас шарттарымен жеткізілетін жемдік ұнның бағасы тоннасына 250–255 долларды құрады.