Жамбылдық картоп өсірушілер ауыл шаруашылық техникасымен және тұқыммен қамтамасыз етілетін болады
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Жуалы ауданының аграршыларына жаңа ауыл шаруашылығы техникасын табыс етті, өлке еңбеккерлері картоп шаруашылығын дамытуға көмек көрсету туралы өтініш білдірген еді. Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметінен хабарлады.
Аталған ауданда картоп көптен бері өсіріліп келеді, бірақ өнім мөлшерін біршама арттыру үшін фермерлерге техника мен сапалы тұқымдармен қамтамасыз етіп, көмектесу туралы шешім қабылданды. Атап айтқанда, «Тараз» ӘКК Жуалы фермерлерін заманауи техникамен қамтамасыз ету үшін АгромашХолдинг KZ-пен ынтымақтастықта жұмыс істей бастады.
Жақын уақытта 13 шаруа қожалығы 50 бірлік техниканы лизингке 5% - бен 216 млн теңгеге сатып алуға өтінім берді. Лизинг мерзімі-бес жыл. Бірінші жылы шаруа қожалықтарына төлем бойынша демалыс беріледі. Бағдарлама негізінде lovol маркалы 15 трактор, тырмалар, соқалар, картоп қазғыштар, культиваторлар және отандық, шетелдік басқа да техникалар сатып алынды.
Бұдан басқа, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша осы күзде өңірде Trade-in жүйесі іске қосылады, аграршылар ескі ауыл шаруашылығы техникасын қосымша төлеммен жаңасына айырбастай алады. 2020 жылы 100 бірлік техниканы, ал 2021 жылы 400-500 бірлік техниканы ауыстыру жоспарланған.
Әкімдіктің ақпараты бойынша, бүгінгі күні өңірде 18,8 мың ауыл шаруашылығы техникасы, оның ішінде картоп өсіруге арналған 267 бірлік техника бар, олардың көпшілігі ескірген.
Өңір басшысы Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту мәселесін тезірек шешу қажеттігін айтты. Ең қарапайым техниканы болсада шығаруды баста керектігін ескертті.
Өнімділікті арттырудың тағы бір жолы-фермерлерді сапалы тұқыммен қамтамасыз ету.
«Бірінші кезекте жақсы тұқым алуға көңіл бөлу қажет. Сапалы тұқым болмаса, жақсы өнім жиналмайды. Тағы бір мәселе- бұл өсіру әдісі. Қуатты және заманауи технологиясыз ауыл шаруашылығымен толық айналысу мүмкін емес. Сондықтан біз картоп өсірушілерге жақын арада сапалы жаңа деңгейге көтерілуге көмектесетін бірқатар жобаларды дайындадық», - деді Бердібек Сапарбаев фермерлермен кездесу барысында.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, жақын арада Жуалы картоп өсірушілері үшін арнайы 600 мың тонна голландиялық тұқым сатып алынады. Оған 300 млн теңге бөлінді. Қазір Жуалы ауданында негізінен 3-4 репродукциялы тұқымдар пайдаланылады, ал голландиялық тұқымдар өте сапалы және жоғары өнімділігімен ерекшеленеді. Аграршылар өсірген өнімдерімен төлейтін болады. Сонымен қатар, «Тараз» ӘКК АҚ фермерлерге өсірілген картопты сатуға көмектеседі.
Биыл Жамбыл облысында 11,2 мың гектар картоп егілді, оның 25% - ы немесе 2560 гектары Жуалы ауданына тиесілі. Бүгінгі таңда облыста 4 мың гектар алқаптан 121,3 мың тонна картоп жиналды. Жалпы 270 мың тонна жинау жоспарланған.