Шымкентте 650 млн долларға жылыжай кешені салынады
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Аlarko Holding компаниялар тобы және Шымкент әкімдігі Қазақстанда жылыжай кешенін салу және пайдалану жобасы бойынша инвестициялар туралы келісімге қол қойды. Жобаны «Alsera KZ» ЖШС 2028 жылға дейінгі екі кезеңде жүзеге асырады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жоба KAZAKH INVEST Ұлттық компаниясының қолдауымен жүзеге асырылуда. Инвестициялардың жалпы сомасы 5000 жұмыс орнын құрумен 650 млн долларды құрайды. Жылыжайлар жылына 175 мың тоннаға дейін қызанақ өндіреді деп жоспарлануда. Жоба 2026 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Өнімдер Қазақстан нарығына жеткізіледі, сондай-ақ Оңтүстік Кореяға, Жапонияға және Ресейге экспортталады.
"Кешен жоғары сапалы көкөніс өнімдерін өндіретін болады, бұл әсіресе елімізде тапшылық пен қымбаттау орын алған маусымаралық кезеңде маңызды. Сонымен қатар, жоба ауыл шаруашылығы өнімі экспортының көлемін ұлғайтуға және озық технологияларды енгізуге бағытталған", - деп атап өтті Ұлттық компанияда.
KAZAKH INVEST басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Сұлтанбек жылыжай кешенін салу шеңберінде енгізілетін заманауи технологиялар отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыратынына сенім білдірді.
“Жобаны іске асыру логистика, өнімді қайта өңдеу және орау, сондай-ақ жаңа жеткізу тізбегін құруды қоса алғанда, ілеспе салаларды дамытуға ынталандыру болады деп күтілуде. Жылыжай кешенінде озық технологияларды енгізу экологиялық іздерді барынша азайтуға және су мен электр энергиясы сияқты ресурстарды пайдаланудың жоғары тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өту маңызды", - деп атап өтті KAZAKH INVEST.
ҚР ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров келісімге қол қою барысында жоба тиімді ынтымақтастықтың жарқын үлгісі болатынына және Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне инвестицияларды одан әрі тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенім білдірді. Мемлекет тарапынан салықтық преференцияларды, инфрақұрылымды құруды және басқа да шараларды қоса алғанда, инвесторларға қажетті қолдау қамтамасыз етілетін болады.