28 января 2025
Көкөністер мен жемістер
Картопты Қазақстаннан әкетуге тыйым салу күшіне енді
Ауыл шаруашылығы министрінің картопты Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салу туралы бұйрығы ресми түрде жарияланды. Бұған дейін мұндай шешімді ішкі нарықтағы картоп бағасын тұрақтандыру үшін Сауда қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдаған болатын.
"Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге әкетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан жас немесе салқындатылған картопты көліктің барлық түрлерімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", - делінген бұйрықта.
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.