Жетісуда қызылша сығындысынан жем өндіруді іске қосу жоспарлануда
Бірнеше қытайлық компаниялардың өкілдері қызылша сығындысын терең өңдеу зауытын іске қосу бастамасымен облыс басшылығына жүгінді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатовпен кездесуде инвесторлар қант қызылшасы сығындысынан жем шығаратын зауыт салуды ұсынды. Жоба аймақта орналасқан екі қант зауытымен ынтымақтастықты көздейді. Өндіріске шамамен 10 млн доллар инвестиция салу жоспарлануда.
Компания өкілдерінің айтуынша, кәсіпорындағы процестің көп бөлігі автоматтандырылады. Кәсіпорында 30-40 жұмыс орнын құру жоспарлануда.
Сонымен қатар, болашақта құрама жем өндіру мақсатында жүгері мен жоңышқа өңдеу жоспарлары бар.
«Өздеріңіз білетіндей, қант қызылшасы біздің аймақ үшін басым дақыл болып табылады. Биыл біз 550 мың тонна қант қызылшасы өнімін күтеміз. Егер жаңа өнім алғанға дейін біз барлық мәселелерді бірлесіп шешетін болсақ, онда бізде қалдықсыз жаңа өндіріс болады. Өз тарапымыздан, заңнамаға сәйкес, біз осы маңызды инвестициялық жобаны іске асыруда қажетті қолдау көрсетеміз. Сізден бірінші кезекте нақты мерзімдері, өндіріс көлемі және барлық қажетті құжаттамасы бар егжей-тегжейлі жоба күтеміз», - деді кездесу барысында Әсет Қанағатов.
Нәтижесінде, тараптар барлық қажетті инфрақұрылымы бар «Талдыкорган» индустриялық аймағының аумағында жаңа кәсіпорынды орналастыру мүмкіндігін қарастыруға келісті.