Қызылша, сәбіз және картоп екі айдан бері күрт қымбаттауда
Қазақстанда инфляция мамыр айында 0,7% болды, ал жыл басынан бері - 3,5% -ды құрады. Бір айда азық-түлік тауарларының бағасы 0,8%-ға, ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 0,6%, ақылы қызмет түрлері - 0,7% өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, өткен айда бағасы ең көп көтерілген өнім қызылша - 27,7%, сәбіз - 16,1%, картоп - 11,1% болды.
Күнбағыс майы да үнемі қымбаттауда, мамыр айында бағасы 3,3% көтерілді.
Қой еті 3,2%, қырыққабат - 3%, құмшекер, жаңа піскен жемістер 1,7%, жарма, макарон өнімдері, құс еті - 1,3%, шай - 1,2%, ет өнімдері - 1,1%, ұн, май - 1%, сүт - 0,8% қымбаттады.
Тақырыпқа байланысты оқу: АШМ-да азық-түлік өндіруді мемлекеттік қолдаудың жоспары жасалды
Минералды және ауыз су 2%, сусындар - 1,7%, алкогольдік сусындар - 0,9% қымбаттады.
Сонымен бірге қияр бағасы 23,4%, қызанақ - 17,2%, жұмыртқа мен апельсин - 2,8% арзандады.
Статистикалық комитеттің мәліметтері бойынша, жалпы алғанда, жыл басынан бері азық-түлік тауарларына бағаның өсуі 4,9% -ды, ал бір жыл ішінде (2020 жылдың мамырына қарай) 9,3% -ды құрады.