29 июня 2020 Ауылшаруашылық техникалары

ҚДБ ауылшаруашылық техникаларын 2,7 млрд.теңгеге лизингке беру бойынша жобаларды қарастыруда

Қазақстанның Даму Банкінің еншілес кәсіпорны – «ҚДБ-Лизинг» ауылшаруашылық техникалары паркін жаңарту жобаларын қаржыландыруға кірісті. Қазіргі уақытта жалпы сомасы 62 миллион теңгеге 9 жобаны қаржыландыру ісін бастады. Бұл туралы бүгін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі «АҚ басқарма төрағасы Айдар Арифханов тікелей эфирде мәлімдеді.

«Бұған дейін біз «ҚДБ-Лизинг» Қазақстан үкіметі жүргізіп отырған дағдарысқа қарсы саясат аясында отандық өндірістің ауылшаруашылық техникаларын сатып алуға арнайы ұсыныс бергендігі туралы хабарлаған болатынбыз. Компания фермерлерге алдын-ала төлемсіз қаржыландыру мүмкіндігі бар ауылшаруашылық техникаларын - комбайндарды, тракторларды сатып алу бойынша қызмет көрсетеді, ал бұрын бастапқы төлем міндетті болып табылған», - деді А.Арифханов.

Сондай-ақ, оның айтуынша, жаңа лизинг бағдарламасы бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 7%-дан 6% -ға дейін төмендетілді және негізгі қарызды кемінде бір жылда өтеу үшін жеңілдікпен мерзім қарастырылған.

«Бағдарлама 30% -ға фермерлердің паркін жаңартуға мүмкіндік береді, себебі техникалардың 76%-ы ескірді. Қазіргі уақытта 62 млн. теңгенің 9 жобасы қаржыландырылуда, жалпы құны 2,7 млрд. теңгеден асатын 22 жоба қарастырылуда», - деді «Бәйтерек» холдингінің басшысы.

Бұған дейін биыл республикалық бюджеттен тракторлар мен комбайндарды лизингке алу үшін биыл 6,5 млрд теңге бөлінгендігі хабарланған болатын.