Егіске арналған дизель отыны литріне 250 теңгеден жеткізіледі
Егін егуге аграрларға бөлшек бағадан 15% төмен бағамен жеңілдікті дизель отыны жеткізіледі. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Энергетика министрлігі мен АШМ кестесіне сәйкес 17 өңірдің аграрийлеріне басым тәртіппен 1 ақпаннан 30 маусымға дейін 340,2 мың тонна дизель отынын жөнелту жоспарлануда.
«Энергетика министрлігі ұсынған дизель отынының бағасы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін литріне 250 теңгені құрайды, бұл ЖМҚС бөлшек сауда бағасының 15%-на төмен және 2023 жылғы егін жинау жұмыстарынан кейін өзгеріссіз қалады», - деп хабарлады Министрлікте.
Ұсынылған баға барлық 17 өңір үшін бірыңғай болып табылады және аграрийлерге отын жеткізу жөніндегі өңірлік операторлардың тасымалдау шығындары мен табысын қамтиды. Атырау, Павлодар және Шымкент МӨЗ өндірісінің дизель отынын тиеу және жеткізу «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен Petrosun ЖШС есебінен жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта облыс әкімдіктері жанындағы арнайы комиссиялар Атырау, Павлодар және Шымкент МӨЗ отын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындайды.