Кеше Ауылшаруашылық техникалары

Ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингі ақпан айында басталады

Қазақстанда 2025 жылы ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингіне 200 млрд теңге бөлінеді. Қаржыландыру ақпан айында басталады. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы жеңілдетілген қаржыландыру агросектордың өнімділігі мен тұрақтылығын арттыра отырып, ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға қосымша серпін беретінін атап өтті.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы Қазақстанның аграрийлері 22 мың бірлік заманауи техника сатып алған. Ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту деңгейі 5,5% құрады. Ағымдағы жылы осы көрсеткішті 6,5%-ға дейін жеткізу міндеті қойылды.

Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы құрылымдарында 140 мың трактор, 5,5 мыңға жуық жоғары өнімді егіс кешендері, 76,4 мың сепкіш, 220 мың топырақ өңдеу құралдары бар.

Айта кетейік, аграрлық сектордың тиімді жұмысы үшін техниканы жаңарту нормативі 10% болып табылады, бірақ Қазақстан ұзақ уақыт бойы жаңартудың 4%-да шыға алмады.