Кеше Ауылшаруашылық техникалары

ҚАҚ фермерлерді 200 млрд теңгеге 5% мөлшерлеме бойынша қаржыландырады

ҚазАгроҚаржы 24 ақпанда 5% мөлшерлемемен «Жеңілдікті лизинг» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдауды бастады. Қаржыландырудың жалпы сомасы 200 млрд теңгені құрайды.

«Жеңілдікті лизинг» бағдарламасы бойынша қаржыландыру келесі шарттарда жүргізіледі: жылдық мөлшерлеме 5%, мерзім – жеті жылдан аспайды, бірінші лизингтік төлем - кемінде 10%.

«Бұл бастама қазақстандық аграрийлерді қолдауға және елдегі ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған. Қолжетімді қаржыландыру ауыл секторының өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі факторы болып табылады. Біздің лизинг бағдарламамыз аграрийлерге техниканы тиімді жаңартуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде өндірістің жалпы деңгейіне оң әсерін тигізеді», — деді «ҚазАгроҚаржы» басқармасының төрағасы Айдар Прашев.

«Жеңілдікті лизинг» бағдарламасы қазақстандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасының кең спектрін қамтиды.

Өтінімдерді қабылдау ҚАҚ Telegram-боты арқылы жүргізіледі. Өтінім бергеннен кейін бес жұмыс күні ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалына құжаттардың толық пакетін ұсыну қажет.