Қазақстанда LOVOL GM80 комбайндары сынақтан өтті
Қазақстанның оңтүстік өңірінде LOVOL GM80 маркалы жаңа комбайндар сынақтан өтті. Бұл туралы АгромашХолдинг KZ баспасөз қызметі хабарлады.
«Жаз мезгілінде сынақтан өткізу үшін Қазақстанның оңтүстік аймақтарына LOVOL GM80 комбайндары жеткізілді, олар шағын шаруа қожалықтарына берілді. Бұл техника қиын жерлерді тазарту үшін тамаша құрал болып табылады. Комбайн күріш, жүгері, дәнді және бұршақ дақылдарын жинауға арналған», - деп хабарлады компания.
Техника қозғалтқышының қуаты 175 ат күші бар бұл комбайндардың өнімділігі сағатына 1,3 гектарға дейін жетеді, ал өткізу қабілеті секундына 8 кг құрайды. Роторды бастыру жүйесі ыңғайлы және жоғары өнімділікті қамтамасыз ететін қарапайым техника.
Баспасөз қызметі хабарлағандай, ротор жүйесінің қарапайымдылығына байланысты LOVOL комбайны белдіктерінің минималды санын қолданады.
АгромашХолдинг KZ мәліметтері бойынша, LOVOL GM80 маркалы 2 комбайн Қызылода облысында сынақтан сәтті өтіп, Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш өсіру ғылыми-зерттеу институтына берілді. «Сыр сұруы» қазақстандық күріш сұрпын өсіретін селекционерлердің жұмысы үшін қолданылатын болады.
Компания сонымен қатар 2019 жылдан бастап Қостанайдағы «АгромашХолдинг КЗ» зауыты LOVOL әлемдік брендінің тракторларын шығарып жатқанын хабарлады. Ағымдағы жылдың 8 айында кәсіпорын осы маркалы жабдықтың 267 бірлігін шығарды, бұл жұмыс істеп тұрған бірінші жылдағы көрсеткіштен 2,5 есе жоғары.