Қазақстан аграршылары спутникті мониторингті қолдана бастады — ПКФ Темир
ҚР Ауыл шаруашылығы өндірушілері автоматтандыруға, атап айтқанда спутниктік мониторинг мүмкіндіктеріне қызығушылық таныта бастады.
Бұл ақпаратты AgriTek/FarmTek Astana 2020 XV халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесінде ПКФ Темир компаниясы сату бөлімінің жетекші маманы Азат Темиртасов хабарлады.
Оның айтуынша спутнигтік мониторинг жүйесі аграршыларға қажетті уақытта өндірістің барлық кешенін және егістіктегі жағдайды бақылауға мүмкіндік береді.Сонымен қатар туындаған мәселені анықтауға болады. Мысалы техниканың бұзылуы жайлы, ауа райы болжамы туралы білуге болады.
«Біз бұл жүйе бойынша екі жылдан бері жұмыс істеп келеміз. SAS - аграрлық жүйе студиясын ұсынамыз, бұл жүйе РФ-да автоматтандыру саласының көшбасшысы. Қазақстанда жаңа технологияларды пайдаланушы ауыл шаруашылығы өндірушілері көптеп кездеседі. Олар егіс технологиясынан бастап, өндіріс саласындағы сандық технологиялардың әлемдік озық тәжірибелерін қолдануға тырысады. Мысалы, Қарағанды облысында спутниктік мониторинг қолданылатын шаруа қожалығы бар. Бірақ бұл үшін уақыт пен ресурс қажет», — деп түсіндірді Азат Темиртасов.
Қадағалайтын JPS — трекерлерді қолданатын шаруашылықтар да бар, дейді маман. Олар өз техникаларын бақылай алады, бірақ бұл жұмыстың тек бір кезеңі ғана.
«Егер JPS трекерлері бар барлық техниканы құрылғыға жүктесеңіз, өңірді цифрлау үшін, сіз тек негізгі суреттерді алып, белгілі алқаптағы техниканың жұмысын көре аласыз. Бірақ алдағы уақытта бұған метеостанцияларды қосуға болады, олар қандай да бір қауіп-қатер, жауын-шашын, зиянкестердің, аурулардың пайда болуы туралы барлық ақпаратты бір бағдарлама арқылы бере алады. Ал одан әрі, мысалы, электронды таразды қосуға болады, одан кейін 1С бухгалтерия т.б. бағдарламаларды жүктеуге мүмкіндік бар. Бұл жұмыстың барлығы біртіндеп жасалады», — деді Азат Темиртасов.
Маманның айтуынша, спутниктік суреттер өсімдіктердің өсіп-өнуін бақылауға, тағы да қауіп-қатер болған жағдайда жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Қазақстанда орта есеппен 10 га және одан да көп егістік бар, ал сол жердің әрбір учаскесінде өсімдіктердің дамуын агроном немесе бөлімше директоры үшін физикалық тұрғыдан тексеру, бақылау мүмкін болмаса, онда бұл істі спутниктік мониторинг жүйесі жасай алады. Нәтижесінде, барлық алқаптарды айналып өтудің қажеті жоқ, ал проблемалы учаскеге тікелей баруға болады.
«Әлемнің кез келген жерінде интернет бар жерде біздің тұтынушыларымыз шаруашылықтарын бақылап, қадағалап, суретін көруге мүмкіндігі бар», — дейді Азат Темиртасов.
Ол ПКФ Темир компаниясы жыл сайын AgriTek/FarmTek Astana 2020 XV халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесінде қатысатынын атап өтті. Бұл өндірушілер мен тұтынушылар тікелей іскерлік байланыстарды орната алатын алаң.
Анықтама. ПКФ Темир компаниясы 2003 жылы құрылған, салалық ерекшелікті ескере отырып, автокөлік пен арнайы техниканы бақылау үшін кешенді шешімдер ұсынады, соның ішінде жабдықтарды жеткізу, монтаждау жұмыстары және қызмет көрсету бойынша қызметтер жасайды.
Компания көліктің спутниктік мониторингін, жанар жағар майды қарау, жабдықтарды орнату, агрегаттардың жұмысын бақылауйды және Қазақстан Республикасының барлық аумағында жұмыс істейді.